Атырауда Рамазанға байланысты Call – орталық ашылды

Атырау облыстық орталық «Иманғали» мешітінде жұмысын бастаған Call-орталыққа Рамазан, жалпы, діни сұрақтар, дәстүр мәселесіне қатысты сауалдарын кез-келген азамат жолдай алады.

8 705 983 94 07 телефонына хабарласу арқылы, ораза, ораза кестесі, пітір садақа мөлшері, пітір садақаны онлайн форматта беру, ауызашар сынды мәселелерге қатысты жауап алуға болады.

Еске сала кетелік, бұған дейін пандемия жағдайындағы Рамазан, карантин жағдайында ауызашар беру мәселелеріне қатысты мүфтият тарапынан қабылданған шешімдер жарияланған болатын.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.