Атырауда «Sancak» мейрамханасына ҚМДБ-ның халал сертификаты берілді

Атырау облысының Бас имамы  Алтынбек Ұтысханұлы «Sancak» мейрамханасы басшылығына ҚМДБ-ның халал сертификатын табыс етті.

Аталмыш  сертификат мейрахананың СТ 96090-3-2021 стандартына сай екендігін  растайды. Сертификат  2023 жылдың 17 мамырына дейін жарамды» делінген құжатта.

«Халал сертификаттаудың мақсаты – мұсылман қауымына дін нормаларын сақтауда қызмет ету. Халал сертификат – өнімнің бәсекеге қабілеттігін көрсетеді. Осындай халал стандарттау арқылы мүфтият халал өндірісінде тағамдардың қадағалануын жеңілдету, халал кепілдігінің тәжірибеден өткен, сенімді жүйесін құруды мақсат етіп отыр» дейді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.

Еске сала кетелік, «Халал Даму» ЖШС – шариғат нормалары мен халал стандарт тәртібі бойынша стандарттау және сертификаттаумен айналысатын орган. Мекеме 2014 жылдың 8 қазанында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан құрылды.