Атырауда мешіттер жанындағы штаттан тыс молдаларға семинар өтті (+ФОТО)

Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлының төрағалығымен Атырау қаласы мешіттері жанындағы штаттан тыс молдаларға арнайы дәріс өтті.

Жиын барысында молдалардың өзіндік әдебі, діни рәсімдерді орындаудағы бірізділік мәселесі сөз болды.

«Сіздер жаназа, садақа басқа да діни жоралғыларға мешіт жанынан, имамдардың мүмкіндіктері болмаған кезде қатысасыздар. Әрбір рәсімдерде айтылатын уағыз-насихат ҚМДБ бекіткен тақырыптар аясында болғаны шарт. Халық арасында дұрыс түсінік қалыптастыру өзімізге байланысты» деді Бас имам.

Сондай-ақ, Атырау қалалық «Құспан молла» мешітінің бас имамы Эммат Ғұмаров діни рәсімдердегі бірізділікті қалыптастыру, ысырапшылдыққа жол бермеу мәселелерін көтерді.

Жиын соңында дәріске қатысушыларға «Күнделікті діни сауалдарға жауап» кітабы үлестірілді.

Алға қарай молдаларды оқыту семинарлары жалғасады. Біліктілігін арттыру курстарына қатысқан молдаларға сертификаттар беру мәселесі қарастырылуда.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.