Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Бақтыгерей молла мешітінің жанынан ашылғалы отырған қайырымдылық мекемесінің іргетасын қалады.
«Аталған мекемеде 50-ге жуық шәкірт білім алады деп жоспарлануда. Бұл жерден еліне, дініне қызмет ететін, салт-дәстүрге берік болашақ дін мамандарын дайындайтын боламыз»,- деп атап өтті Бас имам.
Бақтыгерей молла мешітінің имамы Асылбек Ғұмаровтың бастамасымен басталған игі іс аясында құрбандық шалынды.