Атырауда Сұлтан Бейбарыс мешіті «Пайғамбар ахлағының» 100 кітабын сыйға таратты (+ ВИДЕО)

Ерекше акция қасиетті жұманың құрметіне орай болып өтті.

«Аллаға 1000 истиғфар, 1000 салауат айтқан адамға Серік Тәжібаев пен Думан Сейфуллиннің «Пайғамбар ахлағы» атты 100 кітабын тараттық.

Сиясы кеппеген жаңа кітапта құнды мағлұматтар, күнделікті өмірде қажет дүниелер жазылған. Алла Тағала құлшылығымызды қабыл етсін» дейді Сұлтан Бейбарыс мешітінің имамы Ержан Қағазғалиев.

Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі.