Жұманың құрметіне Атырау қаласындағы Сұлтан Бейбарыс мешітінің әйел жамағаты «Тегін такси» жобасын ұйымдастырды.
Жоба аясында үш такси 30-дан астам адамға қызмет көрсетті.
Мешіттің әйел – қыздар жамағатының ұйымдастыруымен өткен жоба аясында бірнеше атыраулық қала ішінде тегін такси қызметін қолдану мүмкіндігіне ие болды.
«Жұма – қасиетті күн. Бұл күнді жақсылықтың, ізгіліктің жаршысы ретінде дәріптеудің маңызы зор. «Тегін такси» қызметі көп адамдардың жүрегіне жылулық сыйлады» дейді Сұлтан Бейбарыс мешітінің имамы Ержан Қағазғалиев.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.