Атырауда «Ықылас» мешітінің шәкірттері Қасиетті Құранның отызыншы парасын жаттады.
Осындай елеулі оқиғаға орай, бір топ шәкіртке әрқайсысына 50 мың теңге көлемінде қаржылай сертификат және бір шәкіртке Кіші қажылыққа жолдама табыс етілді.
Осылайша, шәкірт Диана Мангитоваға қажылыққа жолдама бұйырды. Сондай ақ, шәкірттер Алтынай Азаматқызы, Азиза Жанболатқызы, Айша Жанболатқызы, Адилья Нұрболқызы қаржылай сыйлыққа ие болды.
Шәкірттерді «Ықылас» мешітінің имамы Назарбай Абдураманов құттықтады. Шәкірттерге «Асылстрой» компаниясы басшысы Асылбек Сатыбалдиев демеушілік етті.





