Атырауда жамағат арасында рухани кеш өтті

Атырауда қала мешіттері жамағаттарының арасындағы ынтымақты нығайтуға арналған рухани шара өтті.

Нарынқұмда бір күндік тур деп аталатын іс-шара барысында квадроциклмен саяхат, атпен серуендеу, рухани фильм көру шараларынан бөлек, жамағат арасында зияткерлік бағыттағы қазақша куиз сайысц өтті.

Сондай ақ, Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы жамағат бірлігін арттырудың маңызы, қоғам тұрақтылығы тақырыбында насихат айтты.

Іс шара 100-ге жуық жамағаттың басын қосты.