Атырауда «Ар-Рахман» мешітіне имам тағайындалды

Нұрбол Хаван Атырау қаласының Ақжар ауылындағы «Ар-Рахман» мешітіне имам болып тағайындалды.


Бұған дейін Алматы облысының Жамбыл ауданындағы Қарасай ауылының «Құран сопы» мешітінде наиб имам болып қызмет атқарған Нұрбол Хаван дін саласында бай тәжірибе жинақтаған маман.

Жаңа имамды мешіт ұжымына Атырау облыстық орталық «Иманғали» мешітінің наиб имамы Арман Исаев таныстырып, мешіт ұжымы алдында тұрған міндеттерді атап өтті.