Атырауда «Ихсан» мешітіне имам тағайындалды

Сердекешов Қанат Мұратұлы Атыраудағы Геолог ауылындағы «Ихсан» мешітіне имам болып тағайындалды.

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен мешіт жамағатына орталық «Иманғали» мешітінің наиб имамы Мұрат Мұстафаев таныстырды.

Қанат Сердекешов – Атырау қаласының тумасы. 2013-2017 жылдары Алматы қаласындағы Нұр-Мүбәрак университетінде білім алған. 2017-2023 жылдары Атырау қаласындағы «Қажымұқан Мұңайтпасұлы» мешітінде наиб имам қызметін атқарған.