Атырауда имамдар аттестациядан өтіп жатыр (+ ФОТО, + ВИДЕО)

Бүгін Атырауға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төраға орынбасары, наиб мүфти Сансызбай Құрбанұлы, бас мүфтидің кеңесшісі Кенжетай Байкемелұлы және мүфтияттың сараптама бөлімінің меңгерушісі Нұрлан Евфратұлы арнайы келді.

Сапар аясында делегация батыс өңірі имамдарын аттестациядан өткізуге қатысуда.

Бүгін аттестацияның алғашқы күні имамдардың арнайы діни білімін тексеру жұмысы басталды.

«Имамдардың білім деңгейі мен біліктілігін арттыру мақсатында оларды аттестациялау, тағайындау және ұсынудың жаңа тәртібі енгізілді. ҚМДБ жанындағы Ғұламалар кеңесі имамдарды аттестациялаудың жаңа ережесін бекітті. Осы ережеге сай діни қызметкерлер жан-жақты сынақтан өтуде» деді Бас мүфти кеңесшісі Кенжетай Байкемелұлы.