Атырауда мешіт имамдары мен теологтар терроризм бабы бойынша сотталғандарды оңалту бағытындағы жұмыстарын жалғастыруда.
Ұстаз Елдос Оташбаев жазасын өтеушілермен жұмыстың кешенді бағытта жүріп жатқанын айтты.
«Дін ұстай алсаң қасиетің, ұстай алмасаң қасіретің» деген сөз бар. Ислам – үлкен білімді қажет ететін дін. Діннің атын жамылып, сананы улайтын ағымдардан сақтанудың маңызы қаншалықты зор екенін терроризм бабымен істі болып отырған азаматтардың жағдайы көрсетіп отыр» дейді ұстаз Елдос Оташбаев.
Қазіргі уақытта жазасын өтеушілермен дін мен дәстүр, мәзһабтар тарихы, кемел мұсылман, ақида тақырыптарында мағлұмат берілуде.