Атырауда жазғы маусымдағы курстарды ұйымдастыру мәселесі талқыланды

Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлының төрағалығымен кезекті жиын өтті.

Жиында жазғы сауат ашу курстарын ұйымдастыру, мешіттердегі тазалық, жаңа кадрлар тарту мәселесі сөз болды.

«Жаз маусымында кішкене балаларға арналған жазғы сауат ашу курстарын жүйелі ұйымдастыруымыз керек. Соған сай бағдарламалар құрылып, ұстаздар дәріс беруді қолға алыңыздар. Балалардың қүжаттары, қауіпсіздік мәселесі жіті назарда болуы шарт» деп атап өтті Бас имам.

Сондай-ақ, жиында ҚМДБ бекіткен мешіт имамдарының неке қию тәртібі таныстырылды.