Атырау қаласына қарасты Жұлдыз елдімекенінде орналасқан Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешітте қайырымдылық шарасы өтті.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрылғанына 33 жыл толуына орай ұйымдастырылған ізгілік шарасы аясында 25 отбасына азық-түлік таратылды.
«Қайырымдылық – мүфтият бекіткен басты жұмыс бағыттарының бірі. Біздің мақсатымыз – мешіттерімізді әлеуметтік қолдау көрсететін ірі орталық ретінде де дамыту. Себебі, қамкөңіл жандар мешітке келіп, демеу алып жатады.
Және сабырға келіп, сынаққа сынбауды үйреніп жатады. Халқымызда «Садақа – пәле-жаланың бетін қайтарады» деген керемет сөз бар. Хадистерде де садақаның мал-дүниені кемітпейтіні айтылған. Қайырымдылық шарасына атсалысып жатқан барша жомарт жандарға Алла разы болсын» дейді Қажымұқан Мұңайтпасов мешітінің наиб имамы Мұхамедкәрім Арыстан.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.