Жылыой орталық мешіті уағыз-насихат кестесін жариялады

Жылыой аудандық орталық мешітінде уағыз-насихат жұмыстарының кестесі бекітілді.

Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлының тапсырмасымен қолға алынған ағартушылық жоба – көшпелі дәріс түрінде қала, аудан, ауыл мешіттерінде жалғасуда.

Қоғам бірлігі, кемел мұсылман, көркем мінез, ынтымақ, отбасы құндылықтары, бала алдындағы жауапкершілік, Отан алдындағы парыз сынды ауқымды тақырыптарды қамтитын уағыз-насихаттар жұма, жексенбі күндеріне бекітілген.

Аталған күндері Жылыой орталық мешітінің жамағаттары дәрістерге қатысып, танымал ұстаздармен сұхбат құра алады.