Атырауда Жұлдыз мешіті мұқтаждарға құрбан малының етін таратты

Атырауда Жұлдыз ауылына қарасты Қажымұқан Мұңайтпасов мешітінде Құрбан айттың алғашқы күні 25 отбасына ет таратылды.

Құрбан малының етін әлеуметтік жағдайы төмен мұқтаж шаңырақтарға Қажымұқан Мұңайтпасов мешітінің имамы Айтжан Абдиров табыс етті.

«Қасиетті Құрбан айт – бірліктің, татулықтың мерекесі. Бұл күндері шамасы жеткен мұсылман баласы құрбан шалып, мұқтаждарға көмек көрсетеді. Айт құрметіне біздің мешітіміз де игі шара ұйымдастырып, көп отбасының алғысын алды» дейді Қажымұқан Мұңайтпасов мешітінің имамы Айтжан Абдиров.

Еске сала кетелік, 28 маусым күні Құрбан айт басталды. Құрбан малын шалу 30 маусымға дейін жалғасады.