Атырауда Жұлдыз мешітінде кадрлық тағайындаулар болды

Атырауда Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешітте кадрлық тағайындаулар болып, құлшылық үйі екі жаңа маманмен толықты.

Сүндет Әбдіхалық мешіт ұстазы, Арман Есімбаев мешіт азаншысы болып тағайындалды. Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығын мешіт жамағатына орталық «Иманғали» мешітінің наиб имамы Мұрат Мұстафаев таныстырды.