Атырауда Жұлдыз мешітінде Құран жарысы өтті

Атырауда Қажымұқан Мұңайтпасов мешітінде қасиетті Құран жарысы болып өтті. Сайысқа жамағат пен шәкірттер қатысты.

Бұл жолы үміткерлер «Дұха» мен «Нас» аралығындағы сүрелерді жатқа айту мен мәнерлеп оқудан сынға түсті.

«Иманғали» мешітінің ұстазы Еркебұлан Сержанұлы мен Қажымұқан Мұңайтпасов мешітінің имамы Айтжан Абдиров Құран жарысына қатысушы үміткерлердің білімін сарапқа салды.

Барлығы 15 адам бақ сынасқан жарыс соңында бірінші орынды жеңіп алған Аслан Сандыбеков 100 000 теңгемен марапатталды. Екінші орынды Мамыр Мұхамеджан, үшінші орынды Сатымғұл Айболат иеленді. Екінші, үшінші орын иелеріне 70 мың теңге, 50 мың теңге көлемінде сыйақылар берілді.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.