Атырау облысының имамдары жыл ішінде атқарылған жұмыстарды қорытындылады.
ҚМДБ бекіткен бес жұмыс бағыты бойынша және ҚМДБ төрағасы бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бағдарлық баяндамасында аталған жұмыс жоспары негізінде облыс көлемінде нәтижелі жұмыс жасағаны үшін «Бақтыгерей молла» мешітінің имамы Асылбек Тлепбергенұлына «Үздік имам-2023» марапаты табысталды.
Сондай-ақ, бес бағыт бойынша үздіктер де анықталып сый-сыяпатқа ие болды.
Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлының айтуынша барлық марапат имамдарды жігерлендіреді