Атыраудың орталық мешітінде ел амандығы үшін құрбан шалынды

amin.kz/ 3 шілде, 2020 жыл. Бүгін Атыраудың орталық «Иманғали» мешітінде Бас имам Алтынбек Ұтысханұлының бастамасымен ел амандығы үшін екі сиыр малы құрбандыққа шалынды.

«Күні кеше Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының құрбандық шалып, халық амандығы үшін дұға жасағаны белгілі. Біз сол ізді жалғап отырмыз. Алладан ауыр індеттің жер бетінен жойылуын сұраймыз.

Көптеген адамның өмірден өтіп кетуіне себеп болып отырған қазіргідей алмағайып заманда көбірек истиғфар, салауат айтып Жаратқаннан медет, шипа сұрағанымыз абзал» дейді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.