Атыраудың орталық мешітінде күн сайын дезинфекция жасалуда (+ВИДЕО)

amin.kz/18 наурыз, 2020 жыл. Атырау облыстық орталық «Иманғали» мешітінде күн сайын дезинфекция жұмыстары жүргізілуде.

Қазіргі уақытта мешітке дезинфекцияға қажетті аппараттар, ерітінділер сатып алынды. Дезинфекциялық жұмыстар саласындағы тәжірибелі маманның нұсқаулығымен мешіттің арнайы бөлінген қызметкерлері залалсыздандыру машықтарын меңгерді.

Осылайша, жалпы аумағы 1328,3 шаршы метр болатын құлшылық ордасын кешенді залалсыздандыруды мешіт қызметкерлері жүзеге асырып отыр.

Еске сала кетелік, елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен еліміздегі барлық мешіттер күшейтілген санитарлық режимге көшті.  

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.