Атыраулық бапкерлер Құран жаттау орталығына сыйлықтар табыстады

Атырау облыстық орталық «Иманғали» мешітіне қарасты Құран жаттау және діни сауат ашу орталығына дзюдо күресінің бапкерлері келді.

Қасиетті Мекке қаласына барып, қажылық парызын өтеп келген дзюдо күресінің бапкерлері – Жасұлан Зинуллаев пен Ринат Лаев Құран – Кәрім кітабының 10 данасы мен дәм әкеліп, шәкірттерге сыйға тартты.

Бапкерлердің сыйлығын Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы қабылдап алды.

«Кім Құраннан бір әріп оқыса оған бір жақсы амал жазылады, ал әр бір жақсы амал үшін он сауап жазылады» деген. Құран оқудың сарқылмас сауабы бар. Шәкірттерге көрсетіп жатқан құрметтеріңізге разымыз» деп атап өтті Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.

Еске сала кетсек, Атыраудағы алғашқы Құран жаттау және діни сауат ашу орталығы 2021 жылы ашылған болатын.