Атырауға алаштанушы, жазушы Елдос Тоқтарбай келді

Алаш зиялыларының мұраларын кеңінен насихаттап жүрген жазушы, «Дарын» жастар сыйлығының иегері Елдос Тоқтарбай Атырау облысына жұмыс сапарымен келіп, жергілікті мешіттерді аралады.

Мешіттердің жұмысымен танысып, жамағатпен, жастармен кездесті.

«Алаш еңбектерін әрбір қазақ баласы көкейіне тоқып, жүрегіне сақтау керек. Бір мемлекеттің өнерін, баспасын, оқу-ағарту сынды көптеген саласын жолға қойып берген тұлғаларға қашанда құрмет бөлек. Егемен елімізде алаш арыстарының құнды мұраларын зерттеуді жалғастырамыз», – деп атап өтті жас ғалым Елдос Тоқтарбай.

Сондай-ақ, Атырау облыстық орталық «Иманғали» мешіті жанынан ашылған медиа орталықта болып, сұхбат берді.

Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы ҚМДБ биылғы жылды » Ислам және ізгі қоғам жылы» деп жариялағанын атап өтті.

Осы тұрғыда «Алаштану», «Тұлғатану» сияқты көптеген еңбектер жазылып, насихатталатын болады,-деп атап өтті Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.