Атыраулық мешіт ұстаздары Мақат жамағатымен жүздесті

Атырау орталық «Иманғали» мешітінің наиб имамы Ерболат Боханов және ұстазы Олжас Скаков Мақат ауданына жұмыс сапарымен барды.

Сапар аясында ұстаздар Мақат орталық мешітінде жергілікті жамағатпен жүздесіп, ауызбіршілік бағытында уағыз-насихат айтты.

«Қазақта «Бірлігі бар ел озады» деген сөз бар. Расымен де, төртеуі түгел болса, төбедегі келеді. Ислам дінінің түпкі мақсаты да – адамдарды татулықта, бейбітшілікте жұмылдыру. Біз барлық ізгі мақсаттарға бірлігіміз арқылы ғана жетеміз» деп атап өтті ұстаз Ерболат Боханов.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.