Атырауда орталық “Иманғали” мешітінде қайырымдылық акциясы өтті.
Акция аясында мұқтаж 30 отбасына ет таратылды.
“Қайырымдылық – мүфтият бекіткен басым бағыт. Мұсылман бір-біріне бауыр, дос. Сол себепті, қиналған жанға көмек беріп, демеу жасау парыз. Бұл Алла қолдайтын амал” дейді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.

Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі