Бас имам Атыраудағы бірқатар мешіттерді аралады

Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы «Амангелді Иман» мешітін, «Анашым» мешітін және «Әт – Тақуа» мешітін аралап, бірқатар тапсырмалар берді.

«Қазіргі уақытта мешіттерде дәрістер, оңалту шараларына қатысты тиімді жұмыстар үйлестіруді қолға алу қажет. Қайырымдылық бағытында да жұмыстар қажет. Жамағат бірлігін арттыру үшін Ақсақалдар алқасы, Әжелер мектебі, ерікті жастар қанаты сынды құрылымдар құруды тапсырамын» деп атап өтті Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы мешіттерді аралау кезінде.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.