Алтынбек Ұтысханұлы «Дина» базарындағы намазхана жамағатымен кездесті

Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы «Дина» базары маңында орналасқан намазханаға арнайы барып, ондағы жамағатпен жүздесті.

Кездесу барысында Бас имам жүректі таза ұстау, сауда жасаудағы адалдық тақырыптарында насихат айтты.

«Жүрек – иманның, адам жанының моторы. Жүректің ең жақсысы – Алладан қорқатын жүрек. Ондай жүрек ізгіліктің, жақсылықтың нұрын шашып тұрады.

Адам әркез өзін дамытып, жаңа білімдерді игеруге ұмтылып тұруы қажет. Жаңалыққа құштар болу, жаңа ілімді игілікке жарата білу маңызды» деп атап өтті Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.