Атырауда Бас имам бір топ белсендіні марапаттады

Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы батыс өлкесі жамағаттарының басын қосқан іс-шараға атсалысқан бір топ белсендіні марапаттады.

Олардың қатарында Теміржан Ұзақбайұлы, Нәсіпқали Аліпқалиұлы
Бекжан Маликұлы, Дәулет Мұратоллаұлы, Сырым Жолдасұлы,
Нұрбол Маратұлы, Қуаныш Саматұлы бар.

«Мешіт – Алланың үйі. Мешіттегі шаралар қоғамға жылулық сыйлауға, жамағатты біріктіруге үндейді. Осындай ізгіліктердің бастауында жүрген сіздерге ризашылығымды білдіремін» деді Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.

Еске сала кетелік, өткен аптада Атырауда алғаш рет Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Маңғыстау облыстарының жамағаттарының басын қосқан рухани шара өткен болатын. Екі күнге созылған шара аясында уағыз-насихат, викториналық сауалдардан бөлек, спорттық шаралардан сайыс өткен еді.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.