Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Қызылқоға ауданына жұмыс сапары аясында қайырымдылық шарасына қатысты.
Қызылқоға аудандық орталық мешіті ұйымдастырылған ізгілік шарасы аясында әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға бірінші қажеттіліктегі азық-түлік пакеттері табыс етілді.
«Қасиетті Құран Кәрім аяттарына көз жүгіртетін болсақ, жомарттық пен қайырымдылық жасаудың маңыздылығы – парыз етілген намаз сөзімен қатар жүретінін байқаймыз. Хақ Тағала Құран Кәрімнің Бақара сүресінің 3-аятында: «Олар ғайыпқа иман келтіріп, намазды толық орындап, өздеріне берген рызығымыздан жұмсайды» деген. Аят жолындағы «рызығымыздан жұмсайды» дегені – Алланың берген ризығын – Алланың разылығы үшін жұмсауға бұйырады.
Көптеген тәпсір еңбектерінде Алланың берген рызығын Аллаға жақындау үшін мал-мүлік сарып қылу жөнінде баяндалады. Демек, қайырымдылық бағытындағы шаралар қала, аудан ғана емес, ауыл мешіттерінде де ұдайы жалғасып келеді» дейді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.