Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы аудан, шалғай ауылдардағы мешіттерді толықтай аралап шықты.
Жылыой ауданындағы Шоқпартоғай ауылының мешіті арнайы жоспарланған соңғы нүкте еді. Шалғай өңірлерге сапар аясында Бас имам мешіттердің ахуалын, ондағы проблемалық мәселелермен танысты. Және жергілікті халықпен кездесіп, пікір алмасты.
Биылғы жылы дін саласына 13 кадр қызметке алынды. Жас мамандар кадр тапшылығы айқын сезіліп отырған мешіттерге қызметке жіберілді. Сондай ақ, жыл ішінде облыс бойынша 5 мешіт күрделі жөндеуден өтті, 14 мешіттің дәретханасы заманауи талапқа сай салынды.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.