amin.kz/13 наурыз, 2020 жыл. Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Елордадағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде жұма намазын жүргізіп, күллі адамзаттың амандығы үшін арнайы дұға жасады.
«Алла Тағала еліміз бен жерімізді түрлі апат пен індеттен сақтағай. Күллі адамзат баласын жұқпалы дерттен аман еткей. Науқастанған жандарға шипа, жолаушыларға жолдың амандығын тілейміз», – деді Бас мүфти.
Мешітке жиналған жамағатқа қысқаша насихатын жеткізген Наурызбай қажы Тағанұлы жұқпалы дертке байланысты сақтық шараларын сақтауға шақырды.