Бас мүфти атыраулық журналистерді арнайы құттықтады

amin.kz/ 27 маусым, 2020 жыл. Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы құттықтау хатын жолдаған ұжымдардың ішінде » amin.kz» сайты, «Атырау» телеарнасының «Иман нұры» бағдарламасы, «Каспиан ньюс» телеарнасының «Имам уақыты» бағдарламасы ұжымдары бар.

«Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Имандылық пен адамгершілік құндылықтарды насихаттап, ізгіліктің жаршысы болып жүрген сіздерге, отбасыларыңызға Алланың амандығы мен берекетін тілеймін» делінген Бас мүфтиден келген құттықтау хатында.

Еске сала кетелік, «Атырау» телеарнасындағы «Иман нұры» және «Каспиан ньюс» телеарнасындағы «Имам уақыты» бағдарламалары бүгінде көрермен арасындағы рейтингі жоғары жобалардың бірі. Себебі, дін мен діл мәселесіне қатысты өзекті сұрақтар негізінен аталмыш бағдарламалар алаңында талқыланып келеді.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.