Бас мүфти Мысыр шейхы Ахмет Тайыппен сұхбаттасты

amin.kz/7 наурыз, 2020 жыл. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Өзбекстанның Самарқан қаласында өткен «Имам Матуриди тағылымы: өткені мен бүгіні» атты халықаралық конференция аясында әйгілі «әл-Әзһар» университетінің шейхы, Мысыр бас имамы Ахмет Тайыппен сұхбаттасты.

Кездесуде мұсылман үмбетінің бірлігін арттыру мәселесі сөз болды. Өз кезегінде «әл-Әзһар» университетінің шейхы Ахмет Тайып Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлын жаңа қызметімен құттықтап, игі тілегін жеткізді.

Дереккөз: muftyat.kz

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: