Атырау облысына жұмыс сапары аясында ұстаз Қабылбек Әліпбайұлы Атырау қаласы Сұлтан Бейбарыс мешітінің жамағатымен кездесті.
Денсаулықтың қадірін білу, бейбітшілікті сақтау тақырыбында уағыз айтқан ұстаз Қабылбек Әліпбайұлы исламның мақсаты – ынтымақ екенін айтты.
«Араб тіліненен алынған «Ислам» сөзі – «амандық, есендік, мойынсұну, бағыну, берілу» деген мағыналарды білдіреді. Яғни, ислам – амандық пен бейбітшілік діні деген сөз. Әлемді сүйіспеншілікпен жаратқан Ұлы Жаратушының ақырғы пайғамбары жер бетіне мейірімділікті жайып, бейбітшілік орнату үшін жіберілген.
Құранда бұл турасында:
«Біз сені әлемдерге тек рақым етіп қана жібердік» – делінген.
Құранда бейбітшілік деген мағынаны білдіретін «сәлам» сөзі көптеген аяттарда кездеседі. Өйткені, Құран ең алдымен ынтымақ пен бейбітшілікті насихаттайды» деп атап өтті ұстаз Қабылбек Әліпбайұлы.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.