Белгілі актриса Ғазиза Әбдінәбиева көз жұмды

Ғазиза Әбдінәбиева театр және кинода көптеген рөлдерді шебер сомдады

73 жасында танымал театр және кино актрисасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ғазиза Әбдінәбиева өмірден озды.

«Әріптестерімізге, отбасына қайғыра көңіл айтамыз. Алла сабыр берсін, алдынан жарылқасын», – делінген Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының хабарламасында.

Ғазиза Әбдінәбиева 1948 жылдың 3 желтоқсанында Қызылорда облысында дүниеге келген.

1970 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының актерлік бөлімін бітірді.