Белгілі ғалым Балғабек Мырзаев атыраулық жамағатпен кездесті

Елімізге белгілі дінтанушы ғалым, PhD доктор Балғабек Әбдіқайымұлы Атырау облысына арнайы жұмыс сапарымен келіп, орталық «Иманғали» мешітінде жамағатпен кездесті.

Кездесуде ғалым жамағатты білім алуға, ғылым жолында ізденуге үндеді.

«Мұсылман әлемінде ғылым – ерекше құрметке ие құндылық. Ертедегі ислам мемлекеттерінде патшалар танымал дін қайраткерлерін қамқорлығына алды, қабілетті ғалымдардың жұмыс істеуіне мүмкіндіктер жасап берді. Ерте кезден-ақ, ислам әлемінің барлық қалаларындағы мешіттер мен медреселерде біртіндеп кітапханалар салына бастады.

Бұл іс ислам әлемінің білім алуға қаншалықты деңгейде көңіл аударғанын аңғартса керек. Сондықтан әр кез ғылым үйренуге, білім игеруге талпынуымыз керек. Сонау Еуропаға кезінде ғылымды апарған ғалымдарымыздан қалған мұраларды қайта жаңғырту маңызды» деп атап өтті ғалым Балғабек Мырзаев.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.