Белгілі ұстаз Әбдімүтәлі Қайназарұлы Атырау облысына жұмыс сапарымен келді

Атырау облысына сапары аясында Ақтөбе медресесінің директоры, республикалық ақпараттық – насихаттық топ мүшесі мүшесі Әбдімүтәлі Қайназарұлы «Иманғали» орталық мешітінде жамағатпен кездесті.

Ауызбіршілік, ынтамақ тақырыбы аясында жиылған жұртшылыққа насихат айтты.

«Асыл дініміз татулық бірлікті әр кез басты орынға қояды. Қасиетті Құранның өзі адамзатты жақсылыққа үндейді, осы жолда Пайғамбар Мұхаммед (с.ғ.с) бар өмірін сарп етті. Біздің миссиямыз – ынтымақты ту ету, бірлікті сақтау» деп атап өтті ұстаз Әбдімүтәлі Қайназарұлы.

Сапар аясында ұстаз Әбдімүтәлі Қайназарұлы «Сұлтан Бейбарыс» мешітінде жастармен кездесіп, «amin.kz» медиастудиясында «Ілім алудағы әдептер» тақырыбында сұхбат берді.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.