Біз біргеміз! Атырауда «Қайырымдылық керуені» аясында игі шаралар атқарылуда

amin.kz/ 12 сәуір, 2020 жыл. Біз біргеміз! Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен еліміздің түкпір-түкпірінде жүзеге асырылып жатқан «Қайырымдылық керуені» жобасы аясында Атырауда көптеген ізгі істер атқарылды.

«Адам баласына сан түрлі сынақтар келеді. Бірақ сол Жаратушы тарапынан келетін сынаққа сынып кетпей, керісінше күресу арқылы сауапқа кенелеміз. Мойымаған адам ғана жетістікке жетеді. Әлсіз пенде ғана жеңіледі. Үміт етудің бір ғана жолы ол – Аллаға шынайы түрде иман келтіру. Келешекке сеніммен қарау.

Ислам адам баласына үміт сыйлайтын дін. Сондықтан, жақсы нәрсеге үміттенуіміз керек» деген Бас мүфти жақсылық жасауға үндеген еді. 

Атыраудың облыстық және аудан мешіттерінде барлығы бес сиыр малы Алла разылығы үшін құрбандыққа шалынып, құрбан малының еті мұқтаж жандарға таратылды.

Сонымен бірге, Атырау қаласында және аудандарда 3000-ға жуық маска тұрғындарға тегін үлестірілді.

Осындай көптеген қайырымдылық шаралары Атырау қаласы, аудан және ауыл мешіттерінің ұйытқы болуымен кең көлемде жүзеге асты.

Елімізде орын алып жатқан төтенше жағдай халқымызды біріктірді. Біз біргеміз!

Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі.