Ғұламалар кеңесі Рамазан мәселесін талқылады

amin.kz/ 13 сәуір, 2020 жыл. Елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен Ғұламалар кеңесінің онлайн мәжілісі өтті.

Онлайн мәжілісте биылғы Рамазан айының басталуы мен ораза айтының күнін анықтау, пітір садақасының және зекеттің мөлшерін белгілеу, төтенше жағдай кезінде тарауық намазы мен ауызашар өткізудің үкімін шығару, «Ас беру мәдениеті» құжатын қабылдау, ораза тұту кестесін дайындау, т.б. мәселелер талқыланды.

Ғұламалар төтенше жағдай кезінде қоғамдық орындарда ауызашар бермеудің маңыздылығы туралы ойын ортаға салды. Сонымен қатар Рамазан айының басталуы мен Ораза айтының күнін анықтау туралы шариғат үкімдері мен ғылыми зерттеу орталықтарының дәлелдері жайында пікір алмасты.

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы шариғат үкімі мен ғылыми зерттеу орталықтарының ғылыми дәлеліне негізделген Ғұламалар кеңесінің шешімін, сонымен қатар Орталық Азия елдерінің мүфтилерімен кеңесіп қабылдаған пәтуаны жуырда өтетін баспасөз мәслихатында ресми жариялайды.