amin.kz/25 наурыз, 2020 жыл. Елімізде орын алған төтенше жағдай халықты одан әрі біріктіре түсті.
Бұған дейін Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының өзі қолдау көрсетуімен жүзеге асқан «Қайырымдылық керуені» жобасы Атырау өңірінде де жалғасып жатыр. Жуырда Мақат аудандық орталық мешітінде он екі отбасыға азық таратылды.
«Кәсіпкерлердің қолдауымен жүзеге асқан игі іс осылайша әлеуметтік жағынан осал топтарды қамтыды. Азықпен бірге мұқтаждарға бір жылқы малының еті үлестірілді. Бұл ретте игі іске жергілікті кәсіпкерлердің демеуші болып отырғанын атап өткеніміз жөн.
Қазақта «Кемедегінің жаны бір» деген керемет халық нақылы бар. Біз бірігіп, өзара жақсылыққа, дұғаға ұмтылғанда ғана бұл сын сағаттарды да өткереміз» дейді Мақат ауданының бас имамы Біләл Сағындықов.
Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі.