Атырауда облыстық «Иманғали» мешіті ұстаздарының онлайн дәрістерінің кестесі жарияланды

amin.kz/24 наурыз, 2020 жыл.  Атырауда орталық «Иманғали» мешіті ұстаздарының онлайн дәрістерінің кестесі шықты.

Бір аптаға түзілген дәріс Құран, Ахлақ, Сира тақырыптарын қамтыған. Ұстаздармен тікелей байланысқа шығу мүмкіндігін пайдалану үшін youtube желісіндегі «Иманғали Мешіті» каналына өтіңіз.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.