#Бізбіргеміз: «Ықыласты бауырлар» орталығына мұқтаждармен бірге, демеушілер де жүгіне алады (+ВИДЕО)

amin.kz/23 наурыз, 2020 жыл.  Елімізде орын алған төтенше жағдайға байланысты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Қайырымдылық керуені» жобасын іске қосты.

Аталмыш жоба әрі «Волонтер жылы» аясында жұмысын бастаған Атырау облыстық «Иманғали» мешіті жанынан жұмысын бастаған «Ықыласты бауырлар» орталығы мұқтаж отбасыларға азық-түлік, киім-кешек бағытында көмек көрсетеді.

«Төмендегі видеода орталықтың байланыс номерлері көрсетілген. Кез келген азамат осынау сын сағатта мұқтаждарға демеу көрсете алады. Болашақта осындай орталықтарды аудандардан да ашу жоспарда бар. Әр игі ісімізді Алла разылығы үшін жасап, осынау сәтте жұмылсақ, мамыражай күндеріміз де қайта туады. Алла ниетімізді қабыл еткей» дейді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.