Дін мамандары Теңіз қызметкерлерімен кездесті

Атырау облысы дін істері басқармасы мамандары мен облыстың Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Теңіз кенішінде мұнайшылармен кездесті.

Кездесу барысында Бас имам Алтынбек Ұтысхнұлы мұнайшылар тарапынан қойылған сауалдарға жауап беріп, ынтымақта болудың маңызы туралы насихат айтты.

Халқымызда «Төртеуі түгел болса, төбедегі келеді, Алтауы ала болса, ауыздағы кетеді» деген тамаша сөз бар.

Бірлікте болудың маңызы өте зор. Ислам дініміздің мақсаты да жер бетінде бейбітшілік орнату. Біз дінімізге берік, дәстүрімізге адал болуымыз керек» деп атап өтті Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.