Атырау облысы, Мақат ауданына қарасты Доссор кентінің «Доссор мұсылмандар» мешітінің ұстазы Гүлсағат Оңласынқызының бастамасымен онлайн зияткерлік сайыс өтті.
Зияткерлік сайыс Нұрсұлтан Рысмағанбетұлының «Сира тану» дәрісі бойынша өтті.
Жарысқа Алматы, Ақтау, Түркістан, Атырау облыстарынан бақ сынап, ықыласты үміткерлер қатысты. Барлығы 70 үміткер тіркелген сайыста іріктеу тестінен 30 шәкірт, екінші кезеңнен 15 шәкірт алға озып шықты.
Соңғы финал тестілеуінен озаттар анықталып, сыйлықтар тарту етілді. Сайыс қорытындысымен
1 орын – Сугурова Сара Майланқызы
2 орын – Күнжан Орынбасарқызы
3 орын – Ақораз Аққалиева марапатталды.
Шараға ұстаздар Айсәуле Жәнібекқызы, Гүлдерай Кәкімқызы арнайы қатысты. Белсенділік танытқан қатысушыларға сертификат берілді.




