Биыл еліміздегі мектепке дейінгі ұйымдарда 30 мыңға жуық орын ашылды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі Мектепке дейінгі білім департаментінің директоры Наталья Жұмаділдаева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Жыл басынан бері 29 620 орындық 307 мектепке дейінгі ұйым, оның ішінде 2 818 орындық 3 мемлекеттік, 26 802 орындық 304 жеке мектепке дейінгі ұйым ашылды. Соңғы 5 жылда жеке мектепке дейінгі ұйымдардың ашылуына байланысты балабақшаға жолдама алу тәртібі екі есе төмендегенін атап өту маңызды. Бүгінде мектепке дейінгі тәрбие жүйесінің алдында сандық көрсеткіштер емес, сапалық міндет тұр», – деді ол Орталық коммункациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.
Оның атап өтуінше, Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында 2025 жылға дейін 2-3 жастағы балалар үшін 223 мың жаңа орын ашу жоспарланған. Олар халықтың мектепке дейінгі білім беру қажеттілігінің 70% пайыздан астамын қамтамасыз етеді.
Жалпы, еліміз бойынша 11 320 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді. Оларда 948 362 бала немесе еліміздегі балалардың 89,1 пайызы тәрбие алып жатыр.