ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен елдегі пандемия жағдайына байланысты құрбандық шалуды онлайн форматта жүзеге асыратын qurban2021.kz сайты ашылған болатын.
Бүгін, яғни, 19 шілдеге дейін еліміздің түкпір-түкпірінен құрбан шалуға тапсырыс және мұқтаж отбасылардан құрбан етін алуға 6500-ге жуық өтініш түсті. Нақтырақ айтсақ, сайтқа 31 227 адам тіркелсе, соның 1460-сы – құрбан шалуға тапсырыс бергендер, ал 5039-ы – ет алуға өтініш бергендер.
612 тапсырыс беруші төлем жасап үлгерген болса, соның 448-і қой малын, 88-і ешкі, 22-сі ірі қараға, сондай-ақ 7 адам бірігіп 68 ірі қараны құрбан шалуға тапсырыс берген. Төлем жасап, құрбан малын нақтылаған тұрғындардың басым көпшілігі Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларынан. Мәселен, елордалық 141 тұрғын тапсырыс берсе, құрбан шалуға ниеттенген 196 алматылық төлем жасап үлгерген.