«Иманғали» мешітінің 20 жылдығына орай, Махамбет ауданында 1 миллион теңгеге қайырымдылық жасалды (+ ВИДЕО)

amin.kz/ 14 мамыр, 2020 жыл.  Қасиетті Рамазан айының және Атырау облысы «Иманғали» орталық мешітінің құрылғанына жиырма жыл толуына орай, Махамбет ауданында қайырымдылық акциясы жалғасын тапты.


«Иманғали» мешіті жанындағы «Ықыласты бауырлар» қайырымдылық орталығы еріктілері Махамбет ауданындағы Сарайшық, Жалғансай, Сарытоғай, Таңдай ауылдарын барып, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік апарды.


«Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасына сәйкес, қасиетті Рамазан айында ізгілікті істер жалғасуда. Карантин жағдайына қарамастан, Атырау облысының «Иманғали» мешіті қайырымдылық акцияларын аудандарда жалғастырып отыр. Алла Тағала Рамазандағы әр ізгі ісімізді сауаптан жазсын. Елімізге амандық берсін, тәуелсіздігіміз баянды болсын» дейді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.

Барлығы 50 отбасы қамтылған акция аясында азық-түлік алуға 1 миллион теңге қаражат жұмсалды.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.