Исатай ауданында жамағатқа кітап таратылды

Қасиетті Рамазан айының құрметіне Исатай аудандық орталық мешітінде 150 адамға діни кітаптар сыйға таратылды.

Жамағатқа таратылған кітаптардың арасында «Құран оқу негіздері», «Құран оқу қағидалары», «»Шәкірт пен ұстаз арасындағы әдептер» атты діни әдебиеттер бар.

«Қасиетті Құран түскен Рамазан айында адам астан тыйылып қана емес, рухани тұрғыда кемелдену жолында да еңбектенуі керек. Бұл айда Құранның бір әрпін болса да, оқу, үйрену сауап» дейді Исатай ауданының бас имамы Шалқар Дәулетханұлы.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.