Исатай ауданының орталық мешіті бүлдіршіндерді ораза айт мерекесімен құттықтады (+ ВИДЕО)

amin.kz/ 26 мамыр, 2020 жыл. Исатай ауданында елу бүлдіршінге айттық сыйлықтар үлестірілді.

Исатай ауданының орталық мешіті ұйымдастырған игі шараға қуаныш иелері – балалардың өздері қуанып, шынайы тілектерін жолдады.

«Бала айтқанды емес, көргенді бойына сіңіріп өсетіні белгілі. Бүлдіршіндерді сыйлық беріп қуанту арқылы, тәрбиелік мәні зор шара жасалып отыр. Қайырымды ұрпақ болса, қайыр тілейтін қауым болмайды. Ораза айтта атқарған істеріміз берекелі болсын» дейді Исатай ауданының бас имамы Шалқар Дәулетханұлы.

Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі.