Ораза айт: Атыраудың орталық мешіті 1400 балаға айттық үлестірді (+ ВИДЕО)

amin.kz/ 26 мамыр, 2020 жыл. Атырауда орталық «Иманғали» мешіті 1400 балаға айттық сыйлық таратты.

Қасиетті Ораза айт мерекесінің құрметіне жасалған акция аясында Атыраудағы «Шаңырақ» балалар ауылымен бірге, кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығындағы тәрбиеленушілер қамтылды.

«Айт бала да, үлкен де шат-шадыман жағдайда атап өтетін мейрам. Осынау қуанышты балаларға сезіндіру мақсатында «Иманғали» мешітінің жанындағы Иман жастары, Ықыласты бауырлар еріктілері және «Зекет» қорының жерігілікті өкілдігі бірлесіп, 1400 балаға сыйлық жасап отырмыз.

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с): «Бір – біріңе сыйлық жасаңдар, араларыңдағы бауырмашылық артады» деген. Алла Тағала барша жасаған құлшылықтарымызды қабыл еткей» дейді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.

Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі.